- https://doi.org/10.52260/2304-7216.2025.3(60).1
ФОРСАЙТ ӘДІСІ НЕГІЗІНДЕ АЙМАҚТАҒЫ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
- Dec 30, 2025
- Вестник Казахского университета экономики, финансов и международной торговли
- Д.м Турекулова +7 more
Экономика мен әлеуметтік құрылымның серпінді өзгеруінің қазіргі жағдайында озық кадрлармен қамтамасыз етудің маңыздылығы барған сайын айқын бола түсуде. Адами капиталды дамытуға бағытталған стратегиялар мен құралдарды кешенді зерттеу жекелеген аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, тұтастай алғанда елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді. Осы мақаланың мақсаты Атырау облысындағы кадрларды даярлау нарығының ағымдағы жай-күйін және адами капиталдың даму динамикасын талдау болып табылды, бұл қазіргі проблемалар мен мүмкіндіктерді анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеуде форсайт әдісі қолданылды. Rapid Foresight әдісі жылдам болжам жасауға және икемді стратегияларды қалыптастыруға арналған. Ол тез бейімделу және өзгеретін жағдайларда қолданылды. Бұл әдіс сарапшылардың сауалнамасына негізделген және болжам бойынша консенсусқа қол жеткізеді. Белгісіздік деңгейі жоғары стратегиялық мәселелер үшін тиімді. Озық кадрлармен қамтамасыз ету және өңірлік даму құралдарын кешенді зерттеу кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін құру өзгермелі жағдайларға жауап ретінде жүйелі тәсілді, барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимылын және икемділікті талап ететінін көрсетті. Rapid Ғoresight әдістемесін пайдалана отырып, форсайт-сессияларды өткізу сарапшылар мен мүдделі тараптардың пікірлерін жинауға, трендтер мен ықтимал тәуекелдерді анықтауға, сондай-ақ өңірдегі жағдайды жақсарту үшін ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік берді. In today's dynamic changing economy and social structure, the importance of providing advanced personnel is becoming more and more obvious. A comprehensive study of strategies and tools aimed at developing human capital not only increases the competitiveness of individual regions, but also contributes to the sustainable socio-economic development of the country as a whole. The purpose of this article was to analyze the current state of the personnel training market and the dynamics of human capital development in Atyrau region, which made it possible to identify existing problems and opportunities. The foresight method was used in the study. The Rapid Foresight method is designed for rapid forecasting and the development of flexible strategies. It was used in conditions of rapid adaptation and change. This method is based on a survey of experts and allows you to reach a consensus on forecasts. It is effective for strategic issues with a high level of uncertainty. A comprehensive study of advanced human resources and tools for regional development has shown that the creation of an effective personnel training system requires a systematic approach, interaction and flexibility of all stakeholders in response to changing conditions. Conducting foresight sessions using the Rapid foresight methodology allowed us to gather the opinions of experts and stakeholders, identify trends and possible risks, and develop recommendations for improving the situation in the region.