• Home
  • Search
  • МАРГАНЕЦ (ІІ) ИОНЫНЫҢ ТИТАН ЖƏНЕ ҚОРҒАСЫН ЭЛЕКТРОДЫНДА ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ ТОТЫҚСЫЗДАНУЫ
  • https://doi.org/10.32014/2025.2518-1483.400Copy DOI Icon

МАРГАНЕЦ (ІІ) ИОНЫНЫҢ ТИТАН ЖƏНЕ ҚОРҒАСЫН ЭЛЕКТРОДЫНДА ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ ТОТЫҚСЫЗДАНУЫ

  • Dec 26, 2025
  • REPORTS
  • B E Мyrzabekov +4 more
Show More
  • Abstract
  • Literature Map
  • Similar Papers
Abstract

Бұл зерттеу жұмысында марганец (II) иондарының титан және қорғасын электродында аммоний сульфаты ((NН4)2SO4) ерітіндісінде және сулы ортадағы катодты тотықсыздану процесі вольтамперометриялық әдісімен потенциодинамикалық поляризациялық қисықтар түсіру арқылы зерттелді. Зерттеу жұмыстарында тазалығы жоғары анализ үшін таза MnSO4 тұзы қолданылды. Рентген фазалық талдау нәтижелері біз қолданған MnSO4 үлгісінің айқын кристалдық құрылымға ие екендігі анықталды. Вольтамперометрлік зерттеулер катодты-анодты кеңістігі бөлінген үш электродты, термостатталған электролизерде жүргізілді. Тұрақты температураны сақтау мақсатында LT-105a маркалы термостат қолданылды. Салыстырмалы электрод ретінде қаныққан KCl (Е = 0,225В 200С), ерітіндісіне батырылған күміс-хлор электроды және көмекші электрод ретінде ауданы үлкен платина сымы қолданылды. Жұмысшы катод электроды ретінде тефлонмен қапталған диаметрі – 4мм болатын титан және қорғасын сымдары пайдаланылды. Титан және қорғасын электродтарында түсірілген катодты және циклді анодты-катодты, катодты-анодты потенциодинамикалық поляризациялық қисықтарда марганецтің тотықсыздануы және қайта тотығу процестерінің ток максимумдері айқын тіркелетіндігі байқалады. Дегенмен, қорғасын электродында марганец иондарының тотықсыздануымен қатар электрод бетінде қорғасын қосылыстары (PbSO4) түзіліп, оның қорғасын металына дейін тотықсыздануы орын алатындығы анықталды. Бұл электрод бетінде таза өнімді алуды шектеумен қатар қосымша шығынның жүруін көрсетеді. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, титан электродын марганецтің электроэкстракциясы үшін тиімді катодтық материал ретінде ұсынуға болады.

Cactus Communications logo

Copyright 2026 Cactus Communications. All rights reserved.